Науырзым қорығындағы орман өрті сөндірілді

Фото: t.me/qr_tjm
Фото: t.me/qr_tjm
23.08.2023 14:35
973
Қостанай облысындағы Науырзым мемлекеттік табиғи қорығындағы орман өрті сөндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ТЖД жедел штабының ақпараты бойынша Науырзым қорығындағы Бишағаш орманшылығы аумағындағы өрт 22 тамызда сағат 18:10-да сөндірілді. Өрттің аумағы 807 гектерға жеткен.
Қарамайшы бөлімшесінің ауданындағы үшінші учаскеде ТЖД қызметкерлері мен қорық қызметкерлерінің жалпы күш-жігерімен өрт 22 тамыз күні сағат 18:53-те оқшауланды. Өрт периметрі бойынша қарауылдау және қосымша жырту жұмыстары жүргізілуде, - делінген ТЖМ мәліметінде.
Өртті оқшаулауға қорық қызметкерлері қатарынан 30 адам және 15 техника жұмылдырылды.
Өрттің себебі мен жалпы ауданы анықталуда.
Бөлісу:
