Жаңалықтар

Наурызнама онкүндігі: Жаңаөзен тұрғындары ағаш отырғызды

Наурызнама онкүндігі: Жаңаөзен тұрғындары ағаш отырғызды
Фото: facebook.com/cok.mangystau 14.03.2025 13:00 217

Жаңаөзенде Наурызнама онкүндігі аясында экологиялық акция ұйымдастырылып, тал егу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық әкімдік мәліметінше, бұл бастама қала экологиясын жақсарту, көгалдандыру жұмыстарын жандандыру мақсатында қолға алынды.

Іс-шараға қала әкімі Жансейіт Қайнарбаев пен өңірдің белді азаматтары қатысты. Акция асында жастар да белсенділік танытты. Осы орайда ұйымдастырушылар мұндай игі шаралардың дәстүрге айналып, қала тұрғындарын экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақыру маңызды екенін атап өтті, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға