Наурыз мерекесі күндері Астанада өтетін ауқымды мәдени шаралар
Наурыз мерекесі күндері астаналықтар мен қала қонақтарын ауқымды мәдени шаралар күтуде. Елорда алаңдары мен саябақтарындағы дәстүрлі халықтық серуендерден бөлек, қала тұрғындарын «Астана Опера» театрындағы концерттер мен қала театрларындағы спектакльдер қуантады.
21 наурыз күні сағат 10.00 Республикалық «Сарыарқа» велотрегінде Наурыз мейрамына арналған театрландырылған қойылым мен меркелік концерт өтеді. Осы күні қала мектептерінде де бірнеше концерттік бағдарламалар қойылады. «Қош келдің, Наурыз!» концерттік бағдарламасы №15 мектеп-лицейде өтсе, №7 мектеп-гимназиясында сағат 12.00 «Армысың, әз Наурыз!» фестивалі басталады. «Қонақжай киіз үй» халықтық серуені сағат 12.00 №41 орта мектепте өтеді.
21наурызда сағат 18.30 Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Үкілі жұлдыз» спектаклі қойылса, сағат 19.00 «Қазақстан» ОКЗ сахнасында Мақпал Жүнісова мен Қайрат Нұртастың «Армысың, әз Наурыз!» концерті көпшілік назарына ұсынылады.
«Айман-Шолпан» музыкалық комедиясы 22 наурыз күні Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында сахналанса, сағат 19.00 көрермендер «Астана Опера» театрында Наурыз мейрамына арналған мерекелік концертті тамашалайды.
Астана әкімдігі мен «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңдарда халықтық серуен 21-22 наурызда сағат 10.00 басталады. «Студенттер» және «Ғашықтар» саябақтарында да Наурыз мерекесі тойланады.