Наурыз мерекесіне орай жолаушылар екі күн автобуспен тегін жүреді

Атырауда Көрісу күні және Наурызда қоғамдық көлікте жүру ақысы тегін болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шаһар басшысы Шәкір Кейкиннің сөзінше, бұл жергілікті тұрғындар жақындарымен кездесуі үшін жасалған.
Көрісу күні және Наурыздың құрметіне орай, 14 және 22 наурызда Атырауда қоғамдық көлік тегін қатынайды. Мұндай шешім тұрғындар жақындарымен қауышып, Наурыз мерекесін атап өтуі үшін қабылданды, - деді әкім ATYRAU.TODAY-ға берген сұхбатында.
Айта кетейік, Наурыз мейрамы биыл демалыс күндеріне түсіп тұр. Сондықтан қазақстандықтар 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз күндері қатарынан бес күн демалады.
Алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 наурыз - жұмыс күні, ал 21, 22, 23 және 24 наурыз демалыс күндері болады.
