Жаңалықтар

Наурыз мерекесінде Тоқаевқа сыйға берілген тазының суреті жарияланды

Наурыз мерекесінде Тоқаевқа сыйға берілген тазының суреті жарияланды
Фото: Akorda.kz 14.03.2024 12:32 868

Бүгінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үш асыл тұқымды тазысы бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның бірі – қызғылт-сары түсті Наурыз атты күшік. Бұл тазыны былтыр ит асыраушы Анна Захарова сыйға тартқан болатын. Қазір Наурыз 1 жас 4 айға толды. Қалған екеуі – 4 жасар, ақшыл-сары түсті Ронни деген арлан тазы мен 5 жасар ақшыл түсті Нэнси.

Иттер қоршалған аумақта, жылы үйшікте күтіп-бапталады. Арнайы сертификаты бар кинолог маман оларды үйретіп, саятшылыққа баулиды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бос уақытында тазыларымен серуендегенді ұнатады.

Айта кетейік, былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тазының күшігі тарту етілді.

Сізге сыйлық тарту еткіміз келеді. Ежелден қазақы ит тұқымы Қазақстанда өте құнды сыйлықтың бірі саналып келген еді. Өкінішке орай, соңғы жылдары оның құндылығы төмендеп бара жатыр. Сіз қабылдаған қазақы ит тұқымдарын сақтау және көбейту жөніндегі жаңа заңды қабылдаудың арқасында мына күшік те тазы тұқымын көбейтуге септігін тигізеді деп үміттенеміз. Құжаттары бар, аты – Наурыз. Ол осыдан 1,5 ай бұрын дүниеге келді. Тұқымында жалғыз болғандықтан осынай ат берудің нышандық мәні болды, - деді Президентке күшікті сыйға тартқан асыл тұқымды тазы өсіруші Анна Захарова.

Сондай-ақ Президенттің өзі әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергенге тазы күшігін сыйлаған еді. Әнші жаңа досына "Ғарышкер" деп ат қойған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға