Жаңалықтар

Nauryz Almaty Vibe: роботтар мерекенің жұлдызына айналды

Nauryz Almaty Vibe: роботтар мерекенің жұлдызына айналды
Фото: Алматы әкімдігі 22.03.2025 12:14 338

Алматыда Панфиловтың жаяу жүргіншілер көшесінде, Қабанбай батырдан Төле биге дейін сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін ұлттық шапан киген гуманоидты роботтар жүретін болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олар өтіп бара жатқан адамдармен жүздесті, мерекелік атмосфера жасайды, қала тұрғындарымен суретке түсіп, билейді. Сондай-ақ, мұнда қайта өңделген шикізаттардан жасалған стационарлық роботтар мен робот даяшыларды, аспаздар мен баристаларды көруге болады, олар бауырсақ жасап, кофе ұсынып, тапсырыс алатын болады.

Көшенің ортасы жарқын ою-өрнектер мен адамдардың қимылдарын көрсететін Led экрандары бар кинетикалық туннельмен безендірілген. Қонақтар үшін VR аттракциондары, садақ ату, ИИ фото аймақ және «Ой-Думан» шоуы қолжетімді.

Виртуалды аватар Ғалымжан қала тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, жоспарланған іс-шаралар туралы әңгімелейді. Сахнада лайв-бэнділер мен диджейлер өнер көрсетеді.


Технология мен дәстүрді үйлестіретін Nauryz Almaty Vibe фестивалі бүгін сағат 22:00-де аяқталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға