Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Президенттерге қаржы орталығының құрылымы мен қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімет берілді.
- Қаржы орталығы арқылы тартылған инвестиция - 14,4 мллрд доллар:
- 7,1 миллиарды – Astana International Exchange биржасындағы портфельдік инвестициялар;
- 7,3 миллиарды – АХҚО қатысушыларының инвестициялары.
- Қаржы орталығында әлемнің 80-нен астам елінен 3700-ге жуық компания тіркелген.
Мемлекеттер басшыларына прецеденттік құқық нормалары мен қағидаттарына негізделген Орталық Азиядағы алғашқы сот жүйесі – АХҚО Сотының, сондай-ақ Халықаралық төрелік орталығының жұмысы жөнінде баяндалды.
