Жаңалықтар

Наталья Тигай: «Сессияда көтерілген мәселелер өз шешімін табады»

Қазақстан халқы Ассамблеясы
28.04.2016 11:14 3232

Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясына келген қатысушыларынан el.kz сайтының журналистері алған пікірлерді ұсынамыз.

       Наталья Тигай:  «Сессияда көтерілген мәселелер өз шешімін табады»

Наталья Тигай:  

— Мен бұл жиынға Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласынан арнайы келдім. Ассамблеяның жиырмасыншы сессиясынан бастап үзбей қатысып келемін. Осыған дейін алқалы жиында «ене мектебі» тақырыбында сөз сөйлеп,  өз ұсынысымды білдірген болатынмын.  Нәтиже жоқ емес. Семей қаласында Білім басқармасының қолдауымен «ана кеңесі», «әке кеңесі» бағдарламасын құрдық. Бүгінгі таңда осы бағдарлама бойынша жұмыстар атқарылуда.  Болашақта Қазақстанымыздың көркейуіне барынша ат салысуға тырысамын және бүгінгі сессияда көтерілген мәселелер өз шешімін табады деп ойлаймын.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға