Нарықта доллар бағасы төмендеді
Бұл туралы Қазақстан қор биржасы хабарлады![Нарықта доллар бағасы төмендеді Нарықта доллар бағасы төмендеді](/storage/storage/element/2022/12/23/mainphoto/31694/1200xauto_Cu7RdezGlcHIV7e8kFkvbxrh4qjsiS5RVdOmzwQm.jpg)
KASE Қазақстан қор биржасы доллардың орташа бағамы 461,97 теңгені құрап, бірден 4,70 теңгеге төмендегенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ресей рублінің орташа өлшенген бағамы 6,61 теңгеге дейін өсті (+0,05).
Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы төмендеп, 66,02 теңгені (-1,00) құрады.
Еуро бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 497,15 теңгеге, рубльді - 6,48 теңгеге белгіледі.
Айырбастау пункттерінде доллар 464-468 теңгеден, еуро - 490-496 теңгеден, ресей рублі - 6,4-6,8 теңгеден сатылады/сатып алынады.
Сондай-ақ 23 желтоқсандағы сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы біршама өсті.
Мәселен Лондондағы ICE Futures биржасындағы Brent маркасының ақпан фьючерстері 1,82%-ға қымбаттап, барреліне 83,70 долларды құрады.
NYMEX тауар биржасының электрондық сауда-саттығында WTI ақпан фьючерстерінің бағалары 1,79%-ға өсіп, барреліне 79,69 долларға жетті.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)