Нариман Курбанов - Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері
Фото: ҚР ҰОК/Сали Сабиров
Фото: ҚР ҰОК/Сали Сабиров
03.08.2024 21:15
902
Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадағы тұтқалы ат жаттығуы бойынша Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері анықталды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық Нариман Курбанов жаттығуды ең бірінші болып орындап, 15.433 ұпай алды. Ол базалық қиындығы 6.7-ге тең жаттығуды сәтті орындап шықты.
Бұл сында алтын медальді ирландиялық Риз Макленаген иеленді. Оның ұпай көрсеткіші - 15.533.
Ал қола медаль америкалық Штефан Недорочектің еншісінде (15.300).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Париж-2024: Назым Қызайбай жартылай финалға шықты