Жаңалықтар

Наразылыққа шыққан мұнайшылардың талап-тілегі айқын емес – министр

Наразылыққа шыққан мұнайшылардың талап-тілегі айқын емес – министр
Фото: baq.kz 11.04.2023 12:47 1069

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Астанада наразылыққа шыққан мұнайшылардың талап -тілегі айқын еместігін айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

«Алдымен оларды нақты мәселесін түсінгіміз келеді. Мұның қандай деңгейде шешілетінін білуіміз қажет. Егер мәселені шешу министрдің немесе Үкіметтің деңгейінде шешілу қажет болса, диалог қамтамасыз етілетіні анық. Қызметкерлермен келіссөз жүргізу керектігін көріп отырмын. Егер менің шығуым қажет болса, мен міндетті түрде шығамын», - деді Алмасадам Сәтқалиев Үкімет кулуарында. 

Бұл тұрғыда министр жұмысшылармен тілдесуге шықпаған себебін түсіндірді.

«Энергетика министрлігінің департамент директорлары мен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері олармен диалог ұйымдастырды. Олар диалогке кіріскен жоқ, бірақ сол маңда мәселені бақылап, адамдармен сөйлесті, талаптарын нақтылады. Қазір біз ресми ұстаным әзірлеп жатырмыз», - деді министр. 

Еске сала кетейік, кеше Жанаөзеннен келген мұнайшылар Энергетика министрлігінің алдында түнеді. Тендерден ұтылып қалған "БерАли Маңғыстау Company" компаниясының жұмыстан қысқарған қызметкерлері мәселелерін шешу бойынша бірнеше талап қойды. 

 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға