Жаңалықтар

«Наразылық білдіріп, талап қойып отырғандар жоқ»: Жетісу облысының әкімі жұмыссыздық мәселесіне қатысты

«Наразылық білдіріп, талап қойып отырғандар жоқ»: Жетісу облысының әкімі жұмыссыздық мәселесіне қатысты
Фото: © ОКҚ 24.11.2023 15:00 722

Бүгінде Жетісу облысында өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар саны 32 пайызға жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биылғы жылдың басындағы статистикалық деректерге сәйкес, республика бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандардың орташа есебі – 10 пайыз. Жетісу облысында – 32 пайыз. Жұмыс жоқ деп наразылық білдіріп, талап қойып отырған адамдар жоқ, - деді Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев.  

Өңір әкімі облыс тұрғындарының көбісі мал және ауыл шаруашылығымен айланысатынын айта кетті.

Жетісу облысы – аграрлық аймақ. Өңірдегі мал басы 3,2 млн-ға жетіп отыр. Бұл рекордтық көрсеткіш. Халықтың көбісі ауыл және мал шаруашылығымен күн көріп отыр. Біз ұсынып отырған 140 мың бос жұмыс орнына олар бармайды. Себебі олар мал өсіріп, оны сатқаннан көбірек табыс тауып отыр, - деді облыс әкімі.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға