Жаңалықтар

Нақты шешімдер қабылданатын саммит болады – Жасан Зекейұлы

Нақты шешімдер қабылданатын саммит болады – Жасан Зекейұлы
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 02.07.2024 16:00 15606

Астанада Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Отырысқа келген халықаралық «Жас-Ай» медицина орталығының бас директоры Жасан Зекейұлы ШЫҰ саммитіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айтуынша, еліміздің үш өңірінде халықаралық дәрежеде өзінің клиникасы бар.

Бұдан бөлек, «Елдік кеңес Ұлттық мүдде» қоғамдық бірлестігінің тең төрағасымын және Астана қалалық қоғамдық кеңес мүшесімін. Қытайдан келіп жатқан кәсіпкерлер мен олардың бизнес топтарымен танысу арқылы инвестицияны тартуды көздеп отырмыз. Әсіресе, еліміздегі туризмді дамыту басым бағыттардың бірі. Осы бағытта біздің тараптан да ұсыныстар бар. Осындай отырыстардан қалмай қатысып, елімізге тиімді жобаларға назар аудар мақсатымыз. Өндірістер ашып және бірігіп бизнес жобаларын қолдайтындай жағдай туғызу, – дейді Жасан Зекейұлы.

Сонымен қатар екі елдің ынтымағын сақтай отырып, Астананың әлеуетімен таныстыру, жобаларға басымдық беру маңызды екенін айтты.

ШЫҰ-ның саммиті өте жоғары деңгейде өтетініне сенемін. Өйткені нақты шешімдер қабылданатын саммит болады. Президентіміз бен ҚХР-ның төрағасымен өте жоғары деңгейде кездесуі болады. 20-ға жуық елден делегаттар, соның ішінде Шанхай, Пекинде танымал халықаралық компаниялардың президенттері мен құрылтайшылары келіп жатыр. Олармен тікелей сөйлесу арқылы тәжірибе алмасатын боламыз, – деді «Жас-Ай» медицина орталығының бас директоры Жасан Зекейұлы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға