Жаңалықтар

"Нан болса ән де болады". Бүгін - Қазақстанда нан күні

"Нан болса ән де болады". Бүгін - Қазақстанда нан күні
Фото: © Pixabay.com 16.10.2023 10:45 1333

16 қазанда Қазақстан халқы нан күнін атап өтеді. Бұл күн астық өнімдерінің мәртебесін нығайту мақсатында 2019 жылы Үкіметтің қаулысымен бекітілген, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.

Нан күнін шаруалар, ұн тартушылар, наубайшылардың да кәсіби мерекесі деуге болады.

Отандық шаруалардың еңбегінің арқасында еліміз айтарлықтай астық ресурстарына ие және азық-түлік нарығының маңызды қатысушысы болып табылады. Биылғы жыл нан өсірушілер үшін қиын болды. Алайда, барлық сын-тегеуріндерге, қолайсыз ауа райы жағдайларына қарамастан, Қазақстан ішкі нарықты бидайдың қажетті көлемімен толық қамтамасыз етіп, сондай-ақ өзінің экспорттық әлеуетінде сақтайды, деп жазды Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Бүгінгі таңда республика бойынша астық жинау науқаны аяқталуда, жұмыстар 15,6 млн гектарға (90,2%) жүргізілді. Орташа өнімділігі 9,3 ц/га болған кезде диқандар 14,6 млн тонна астық бастырды.   

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға