Надежда Морозова қола медаль жеңіп алды
Калгари қаласында конькимен жүгіруден Әлем Кубогы өтуде
Фото: kazsports.kz
Фото: kazsports.kz
18.12.2022 10:40
1564
Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіруден Әлем Кубогының 4-кезеңі өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Бүгін 2-жарыс күні қазақстандық Надежда Морозова 1500 метрге жарыста 3-ші нәтиже көрсетті. Ұлттық құрама өкілі тек жапон Михо Такаги мен нидерландтық Антуанетта Рийпма-де Йонгке есе жіберді.
Тура бір апта бұрын дәл осы Калгариде өткен 3-кезеңде 1500 метрде Михи Такаги алтын, Надежда Морозова күміс, Антуанетта Рийпма-де Йонг қола жүлдеге қол жеткізген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Бір күнде 140 адамнан коронавирус анықталды