Жаңалықтар

Нөсер жаңбырдан кейін астана көшелерін су басты

Елордада нөсер жаңбыр жауып, дауыл соқты, кей жерлерде бұршақ жауды.
Нөсер жаңбырдан кейін астана көшелерін су басты
Фото: instagram.com 02.08.2022 04:35 2528

Елордада жаңбырдан кейін жиналған қала көшелеріндегі суды соруға 50-ден астам техника жұмылдырылған, деп хабарлайды El.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, нөсер кәрізі мен тазарту құрылысын салу және қуатын кеңейту жұмысын қала әкімдігі жүйелі түрде жүргізіп жатыр. Мысалы, бұрын 146 проблемалық учаскеде кәріз салынған соң су басу мәселесі шешілген. 

– Сонымен қатар 130 км-ден астам нөсер кәрізі мен арық-науа жүйесі салынды, 1 мыңға жуық бақылау, жаңбыр қабылдағыш құдығы, сондай-ақ 20 км коллектор тазартылса, 6,5 мың құбыр буландырылды. Алматы ауданында Ш.Қалдаяқов көшесі, жаңа вокзал, Ұлы дала даңғылында және басқа тұстарда нөсер кәрізі салынып жатыр, - деп мәлімдеді әкімдіктен. 

Айта кетейік, елордада нөсер жаңбыр жауып, дауыл соқты, кей жерлерде бұршақ жауды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға