Жаңалықтар

Нұржігітов: Бірде-бір инвестордың ұсынысы ескерусіз қалмасын

Өзара үйлесімді әрекет, ортақ түсінік пен көзқарас болған жағдайда ғана нәтижеге қол жеткіземіз.
Нұржігітов: Бірде-бір инвестордың ұсынысы ескерусіз қалмасын
22.06.2022 23:54 1479

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды EL.KZ Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған бірқатар инвесторлар келіп, өздерінің ұсыныстары мен мәселелерін білдірді.  Ұсыныстар қатарында магний нитраты және магний сульфатын өндіретін зауыт салу, CaF2 - флюорит концентратын өндіру бойынша тау-кен байыту комбинатының құрылысын жүргізу, сүт фермасы, ауыл шаруашылығын цифрлық несиелеуге қатысты және тағы басқа жобалар болды.

Аймақ басшысы барлық ұсынылған жобалардың болашағы мен нәтижелігіне қатысты сұрақтар жолдап, жауаптар алды. Тиісті тұлғаларға нақты міндеттер жүктеп, назарға алу, зерделеу, қажетті қолдауларды көрсету үшін жан-жақты жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Айта кетейік, бұған дейін инвестициялық штабтың бес отырысы өткен болатын десек, басқосуда сол кеңестерде облыс әкімімен берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуы жайы қаралды. Ол туралы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев баяндады.

Өткен кеңестерде барлығы 30 жоба қаралса, оның 14-і жаңа,  қалғаны іске асып жатқан жобалар. Ол жобалар бойынша жалпы 69 хаттамалық тапсырма берілсе, қазіргі таңда 28 тапсырма орындалған, 41-і орындалу барысында. Ұсынылған жобалар толығымен жүзеге асқан жағдайда 2500 жұмыс орны ашылып, жалпы 48,4 млрд теңге салықтық түсімдер түседі деп күтілуде.

Облыс әкімі тапсырмалардың орындалу барысындағы кейбір мәселелер бойынша бірқатар басқармалар мен аудан әкімдерінің жеке-жеке жауаптарын тыңдады.

Басқармалар мен аудан әкімдіктері тығыз байланыста жұмыс жасау қажет. Өзара үйлесімді әрекет, ортақ түсінік пен көзқарас болған жағдайда ғана нәтижеге қол жеткіземіз. Штаб жұмысы тұрақты түрде әрі нәтижелі жалғасуы маңызды. Бірде-бір инвестор мен олардың жобалары назардан тыс қалмауы керек.  Барлық ұсыныстар ескеріліп, мәселелерді шешу бойынша жұмыстар жүргізілуі тиіс,-деді Н. Нұржігітов



Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға