Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды El.kz elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
13.06.2022 13:02
1715
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесіп, елдің ұлттық мерекесі – Ресей күнімен құттықтады.
Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Ресей Федерациясының Президенті екі ел арасында қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай бір-біріне жылы лебіздерін жеткізді. Тараптар Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы тең дәрежедегі диалог негізінде дамып келе жатқанын атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин бір-біріне мықты денсаулық және амандық тілеп, арадағы достық байланыс алдағы уақытта да Қазақстан мен Ресей халықтарының игілігі үшін жалғасын табады деген сенім білдірді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жаңадан құрылған облыстарда 1,5 млн адам тұрады
Келесі жаңалық
15,7 млн теңге сыйақы: Антикор WhatsApp чат-ботын іске қосты