Нұрлан Қоянбаев желіде жаңадан рекорд орнатпақшы
Фото: caiu.edu.kz
03.06.2022 12:58
2533
Белгілі қазақстандық продюсер, актер және тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев Instagram желісінде пікірлер саны бойынша әлемдік рекорд орнату үшін Мемлекеттік ту бейнеленген челленджді қайта жалғастырмақ, деп хабарлайды El.kz.
«Құрметті достар! Қазір жалауы бар жарияланым 12,2 миллион пікір жинаған. Біз әлемдік рекордты орнатуға бір қадам жақындадық. Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін 100 миллионнан астам пікір жазуға тырысайық. Егер миллионға жуық қазақстандық 100 пікір қалдырса, біздің Мемлекеттік ту әлемдегі ең танымал бейнеге айналады», - деп жазды Нұрлан Қоянбаев.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Тоқаев 12 аудандық соттың жұмысын тоқтатты
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды