Жаңалықтар

Нұриланың «Диһнат мама» атануы

Нұриланың «Диһнат мама» атануының тарихы қызық та, оқиғасы тартымды деректі хикая. Аққұс дамолланың шежіресінде бұл 1399 жылғы жазба Боралдай тауында болған оқиға екендігі айтылады.
16.10.2014 04:10 4277

Нұриланың «Диһнат мама» атануы

Нұриланың «Диһнат мама» атануының тарихы қызық та, оқиғасы тартымды деректі хикая. Аққұс дамолланың шежіресінде бұл 1399 жылғы жазба Боралдай тауында болған оқиға екендігі айтылады. Қараша бидің Ташкент қаласында бір махаланны толық алып жатқан қызыл кірпіштен өрген әдемі үйі, қонақ жайы, әулі-сарайы болатын. Оны әкеден мұра етіп, Бәйдібекке қалдырады. Бірақ Бәйдібек ел халқының жағдайымен Боралдай тауының жайлауларын иемденіп, сонда көшіп барады. сондағы ел-жұртқа ол би болып тағайындалады. Кейін хан болады. Балаларын Ташкент қаласында ұстап, хафиз, софылардың тәрбиесіне беріп, медреседе оқытады. Қажетті қаражатты жеткізіп беріп тұрады. Қараша биден қалған шаңырақ сарайда, дамолла, ахундаларды жалдап ұстайды. Бірде Байдыбек Ташкентке сапара шегеді, қала базарына мал айдатады. Елге қайтатынына үш жұма кететіні айқын еді. Ол елдегі мал-жанға Сары бәйбішені еге қып қалдырады.

Сары бәйбіше Байдібек кетісімен Кіші Тұра бөктеріне келіп, ондағы ел-жұртты, малды түгелдей Балабөген аңғарына көшіреді. Ырғайлының басына Нұриланы жалғыз тастайды. Баспанаға жаман қара лашық, азғана ұн, бір сауын ешкі қалдырады.иығыңа іл деп өзінің ескі-құсқы киімдерін береді. «Екі күннен кейін келіп, көшіріп әкетеміз» деп алдайды. Әрине Сары бәйбіше қайтып келмейді. Мұның қасақана істелген тірлік екеніні Нұрила бірден білген еді. Бірақ, үндемей сыр бермеуге тырысқан болатын. Нұрила ешкінің сүтін, азғана ұнды талшық етеді. Бұлаққа барып, шелегін суға батырып көреді, әп сәтте ірі балыққа толып шығады. Екі күнде бір, осылай балық ұстап әкеп тұрады. Артық балықты күнге қақтап, кептіреді. Нұриланың емшек сүті мол, қою әрі майлы болатын. Қомақты, аумағы үлкен емшектің Жарықшақ біреуін зорға тауысатын. Нұрила екінші емшегін сауып, таза майда ұн қосып, қамыр илейтін. Одан әдемі күлше пісіретін. Сол күлшені Жарықшаққа бір мезгіл шайнап беретін.

...Көктемнің соңғы айы еді. Бір күні Кіші Тұраның күншығыс иығынан асып, топ-топ аттылар ылдиға еңкейіп келе жатты. Олар бұлақ басындағы қара лашық үйді көрді. «Неғылған жалғыз лашық, адамы болса сусын сұрап ішейік» деп аттылар солай бұрылады. Бұлардың тегін адам еместігін Нұрила бірден аңғарады. Ескі кимешекті киіп, кемпір бейнесіне түсті. Сұлу мұртты қара жігіт лашыққа алдымен жетті. Нұрила «Қош келдіңіздер» деп ізет көрсетті. Жігіттің жүзі жылып, Нұриланың сәлемін алып, аз бөгеліп:

-         Апа, аңқамыз кеуіп келеді. Сусыныңыз бар ма? – деді. Нұрила ешкінің айранын араластырып, ашытқы жасайтын. Дәу құмыраға құйып, толтырып қоятын. Келген-кеткен жолаушыларға беріп, сауабын алатын. Дереу үйге кіріп, көк зеренмен сусын алып шығып, мұртты жігітке ұсынды. Жігіт қолына зеренді ұстап біраз отырды. Неге ішпей отырғанына Нұрила таңғалып, бақылап тұрды. Аттылардың артында қалып, әбден шаршап шаң жұтқан бір жігіт лашық үйге кешігіп жетті. Өңінен бір нәрседен құр қалғандай абыржушылық білінеді. Сұлу мұртты жігіт қолындағы зеренді соған ұсынды. Екінші зерен оның алдында келген жігітке тиді. Сусын соңғы жігіттен бастап, алдымен келгендерге қарай жылжыды. Жолбасшы жігіттің тегін адам еместігін Нұрила іштей сезді. Сұлу мұртты жігіттің өзіне кезек жеткенде, сусын таусылды.

-                     Сусын таусылды, балам – дейді Нұрила.

-                     Оқасы жоқ, апа, жігіттердің шөлі қанса болды. Егер болса, нан әкеліңіз ауыз тиіп шығайын, - дейді мұртты жігіт. (жалғасы бар)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға