Нұр-Сұлтанда Тұран даңғылы мен Қабанбай батыр көшесіндегі Bus lane іске қосылды
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
27.07.2022 16:17
1430
Нұр-Сұлтанда Тұран даңғылы мен Қабанбай батыр көшесіндегі Bus lane іске қосылды, – деп хабарлайды El.kz порталы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер қалалық басқармасының мәліметіне сәйкес, бүгін М-1 көпіріндегі жол жөндеу жұмыстары аяқталды. Соған байланысты Тұран даңғылы мен Қабанбай батыр көшесі бойындағы арнайы жолақпен қоғамдық көлік қозғалысы қайта жанданады.
Еске салайық, жөндеу жұмысына байланысты Бауыржан Момышұлы даңғылынан бастап Мәңгілік ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айырымына дейінгі аралықта көлік қозғалысы ішінара жабылған болатын. Қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін осы уақытта Тұран даңғылы мен Қабанбай батыр көшесіндегі Bus lane-мен жеке көлік қозғалысына рұқсат етілген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шілдеде коронавирустан 3 науқас қайтыс болды
Келесі жаңалық
Қарағанды облысында қола дәуіріне тән қорымдар табылды