Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда халықаралық форум басталды

Ауқмды шара нейрохирургия саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға және тәжірибе алмасуға арналған
 Нұр-Сұлтанда халықаралық форум басталды
Фото: El.kz 01.07.2022 09:32 1106

Нұр-Сұлтан қаласында Халықаралық нейрохирургиялық форум және «Нейрохирургия: тарих, қазіргі заман, тұлғалар» атты кинофестивалі басталды, – деп хабарлайды El.kz.

Бұл шара нейрохирургия саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға және тәжірибе алмасуға арналған. Сондай-ақ, нейрохирургияның даму кезеңдері мен медицинадағы жетістіктер сөз болмақ.

Форумға қатысушыларына нейроонкология, тамырлы нейрохирургия, нейрорадиохирургия, жұлын нейрохирургиясы, балалар нейрохирургиясы қазіргі заманғы проблемаларына және COVID-19 кезінде нейрохирургиялық қызметті ұйымдастыру мәселелеріне арналған деректі фильмдер көрсетіліп, ғылыми баяндамалар тыңдалады.

Форум мен Кинофестиваль жұмысына нейрохирургия саласындағы әлем ғалымдары қатысып жатыр. Фестивальге Жапония, Израиль, Италия, Швейцария, АҚШ, Ұлыбритания, Австрия, Германия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген жетекші нейрохирургтардың баяндамалары ұсынылады. Сондай-ақ олардың нейрохирургиялық қызметі мен атақты нейрохирургтар туралы деректі фильмдері көрсетіледі.

Халықаралық форумға қатысу үшін қазақстан астанасына алыс және жақын шетелдің 15 елінен, 200-ден аса делегаттар келген. Айта кетейік, нейрохирургия халықаралық деңгейдегі деректі фильмдер кинофестивалі Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға