Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда қандай шектеулер енгізіледі

Елордада соңғы тәулікте 642 жаңа науқас анықталды
Нұр-Сұлтанда қандай шектеулер енгізіледі
Фото: gov.kz 21.07.2022 20:12 2171

Елордада «Омикрон» және «Стелс-Омикрон» коронавирус штамдарына байланысты эпидемиологиялық жағдай нашарлай түсуде. Нұр-Сұлтан қаласы осыған байланысты «сары» аймаққа өтті, – деп хабарлайды El.kz порталы қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада соңғы тәулікте 642 жаңа науқас анықталды. Осылайша, эпидемиологиялық жағдайды бағалаудың жаңа матрицасы бойынша стационарға жатқызылғандардың көрсеткіші негізінде қала 21 шілдеде «сары» аймаққа өтті.

Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері мынадай шектеу шараларын қабылдады:

  • науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтан жұмыс түріне ауыстыру;
  •  COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру;
  • адам көп жиналатын орындарға (сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар, концерт залдары, театрлар, кинотеатрлар, стадиондар және басқа да спорт ғимараттары және т.б.) барған кезде, сондай-ақ 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және тамақтану кезінде қалалық қоғамдық көлікте жол жүрген кезде бетперде тағу ұсынылады;
  • 10-нан астам адамның қатысуымен өтетін жиындарды онлайн форматқа көшіру ұсынылды;

Осыған байланысты, елордалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті барлық адамдарды еш себепсіз адам көп жиналатын орындарға бармауға, шектеу шараларын сақтауға шақырады.

– Вакцинация және ревакцинация инфекциядан қорғанудың жалғыз әдісі болып қала береді. Сондықтан біз вакцинация мен ревакцинациядан өту арқылы ғана індеттің таралуына қарсы тұра аламыз. Коронавирусқа қарсы екпе алыңыз! Өзіңіздің денсаулығыңызды, жақындарыңыздың денсаулығын қатерге тікпеңіз! – деді елорданың санитарлық дәрігері.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға