Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жастар музыкалық фестивалі өтті

Фестивальде Ninety one, Orynkhan, Ақтоты Болышева сынды танымал әншілер, бишілер, күйшілер түрлі өнерпаздар өнер көрсетті
Нұр-Сұлтанда жастар музыкалық фестивалі өтті
Фото: El.kz/Артем Чурсинов 10.09.2022 19:25 2274

Нұр-сұлтан қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне арналған «We Are the World» жастар музыкалық фестивалі өтті, деп хабарлайды El.kz.

Концертті өткізудегі басты мақсат – Рухани жаңғыру және ұлттық сананы жаңарту, қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ділі мен жоғары құндылық бағдарларын қалыптастыру болды.

Жобаның бас продюсері Азат Абыкен фестивальге қатысты өз пікірін білдіре кетті.

Нұр-Сұлтанда жастар музыкалық фестивалі өтті

«Бұл фестиваль арнайы жастарға арнап өткізілді. Концертімізде танымал бірқатар әншілер мен өнерпаздар бірінен соң бірі өнер көрсетіп кетті. Олардың ішінде өнерлі мүмкіндігі шектеулі өнерпаздар да бар. Фестиваль адамдарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады деп ойлаймын», - деді Азат Абыкен.

Фестивальде Ninety one, Orynkhan, Marhaba Sabi, Qonyratbay Fam, Ақтоты Болышева сынды танымал әншілер, бишілер, күйшілер түрлі өнерпаздар өнер көрсетті.

Жастардың сүйікті әншілерінің бірі Orynkhan тыңдармандар үшін хормен бірге өнерін паш етті.

«Мен фестивальге арнайы Алматы қаласынан келдім. Елордада өтіп жатқан концерт қоршаған ортаны қорғауға міндетті екенімізді еске салуға бір себепші болды деген ойдамын. Осы жолы өзіммен бірге скрипкада және виолончельде ойнайтын хор да өнер көрсетті», - деп айтты әнші.
Нұр-Сұлтанда жастар музыкалық фестивалі өтті
Күйші Ақтоты Болышева фестивальде өнер көрсеткеніне өте қуанышты екенін айтып жеткізді.
«Фестивальге қайырымдылық қорға өз үлесімді қосуға, домбырамен өнер көрсетіп, келген қонақтарға ұлттық өнерімізді насихаттау үшін келдім. Мен тыңдармандар үшін 3 күй орындадым. Концерт жоғары деңгейде өтті деген сенімдімін. Бұл фестивальде өнер көрсеткеніме өте қуаныштымын», - дейді Ақтоты Болышева.
Нұр-Сұлтанда жастар музыкалық фестивалі өтті
Сонымен қатар концертке қатысқан көрермен өзінің алған әсерімен бөлісті.
«Мен бұл фестивалден өте үлкен әсер алдым. Өзіміз сүйіп тыңдайтын әншілер өнер көрсетті. Сондай-ақ қоршаған ортаға қатысты көптеген дүниелер айтылды. Концерт тыңдап қана қоймай, табиғатты аялау қажеттігін түсіндік. Мұндай фестивалдерің жиі ұйымдастырылып тұрғанын қалаймын», - деді көрермен.

Концертте 500 теңгеден 10 000 билет сатылды. Жиналған қаражат мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті дамытумен айналысатын «Батыл жүрек» қайырымдылық қорына аударылатын болады.
        
        
        
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға