Нұр-Сұлтан әуежайының басшысы ауысты
Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып басқарма төрағасының орынбасары Мұхиден Әбілдинов тағайындалды.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
07.09.2022 00:33
1057
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ғабит Тәжімұратовтың "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасы лауазымындағы өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты, - деп хабарлайды EL.KZ ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып басқарма төрағасының орынбасары Мұхиден Әбілдинов тағайындалды.Жалғыз акционер - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің шешімімен 2022 жылғы 6 қыркүйекте "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасы Тәжімұратов Ғабит Қалиұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, - делінген хабарламада.
Кадрлық шешімнің себептері министрлікте хабарланған жоқ.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Хаменованың соты қайта жалғасты