Жаңалықтар

Н. Назарбаев Орталығы мен БАӘ Қариялар мұсылман Кеңесімен ынтымақтастық құру мүмкіндігін қарастырды

Н. Назарбаев Орталығы мен БАӘ Қариялар мұсылман Кеңесімен ынтымақтастық құру мүмкіндігін қарастырды
28.10.2019 18:18 2200

Қазақстан және БАӘ өркениетаралық және дінаралық диалогты қамтамасыз ету бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарында.

Рим Папасы Францисктің Абу-Дабиге тарихи ресми сапары, адамзат бауырластығы жөнінде құжатқа қол қойылуы, «Абрамдық отбасы үйінің» салынуы және БАӘ өкілдіктерінің Қазақстандағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезіне қатысуы – Әмірліктер тарапының бейбітшілік пен келісімге ұмтылуының, өркениетаралық диалогты сақтау ниетінің ашық айғағы болып табылады.

Н. Назарбаев Орталығы мен БАӘ Қариялар мұсылман Кеңесімен ынтымақтастық құру мүмкіндігін қарастырды

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының басшылығы Орталық серіктесі - Мәдени дипломатия халықаралық институтының шақыртуымен Абу-Даби, Дубай және Шарджа қалаларында өткен кездесулердің қорытындысы бойынша тұжырымдамалық келісімдерге қол жеткізді.

Дінаралық диалог саласында өзара ынтымақтастықты белсенділендіру бойынша келісімдер жасалып, талқыланды.

Орталық Басқармасының Төрағасы Алтай Әбибуллаевтың БАӘ Толеранттылық министрі шейх Нахайян бин Мүбарак әл-Нахайянмен өткен кездесуде Орталықтың қызметі талқыланып, адамзат бауырластығы жөніндегі тарихи құжаттың шеңберінде Қариялар мұсылман Кеңесімен ынтымақтастық құру мүмкіндігі қарастырылды.

Халықаралық мәдени дипломатия институтында өткен дөңгелек үстел шеңберінде Басқарма Төрағасы тарапынан Орталықтың қызметі, мақсаты мен алдағы міндеттерінің таныстырылымы өтті.

2021 жылы өтетін VII Съездің секциялық отырыстарының тақырып жобалары дөңгелек үстел қатысушыларының ғылыми әрі тәжірибелік қызығушылықтарын туғызды.

Н. Назарбаев Орталығы мен БАӘ Қариялар мұсылман Кеңесімен ынтымақтастық құру мүмкіндігін қарастырды

«Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» мен «Мәдени дипломатия халықаралық институты» арасында қол қойылған меморандум сенушілер мен әр түрлі мәдениет өкілдері арасында диалогты дамыту саласында ынтымақтастықты кеңейтуге, сонымен қатар, бірлескен жобаларды, іс-шараларды жүзеге асыру бойынша ақпарат алмасуға бағытталған. Бұл заманауи жаһандық өзгермелі әлемде жаңа, берік әрі жағымды қадамның бастамасы болып табылады.

Бірлескен баспасөз-конференцияда Тараптар екі ұйымның да мақсатының ортақ екені және оның қоғамдық санада жалпыадамзаттық тіршіліктің өзгермес қағидаттары болып табылатын бейбітшілік, келісім және толеранттылық ұстанымдарын қалыптастыруға бағытталғандығын атап өтті.

Конфессияаралық диалогты алға жылжыту идеясы және өркениетаралық өзарабайланысу саласындағы қызметтер Шарджа университетінің Канцлері, Профессор Хамид М.К. әл-Наимий тарапынан қолдауға ие болып, ортақ жобаларды жүзеге асыру бойынша келісімдер жасалды.

Қазақстанға бірнеше мәрте келген Толеранттылық және бейбітшілік бойынша жаһандық кеңестің негізін салушы және Президенті Ахмед әл-Джарван өркениетаралық диалог, үйлесім, өзаратүсіністік пен рухани келісімге бағытталған жаһандық жобалар мен идеяларды бірлесіп жүзеге асыруға өз ықыласын білдірді.

Н. Назарбаев Орталығы мен БАӘ Қариялар мұсылман Кеңесімен ынтымақтастық құру мүмкіндігін қарастырды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға