Н.А.Ковалевский және Н.В.Кологойда
Ковалевский Анатолий Николаевич 1916 жылы Чернигов облысының Бахмач қаласында әскери қызметкер отбасында туған. Әкесi төңкерiстен бұрын армияда прапорщик шенiнде қызмет еткен. 1917 жылы көтерiлген халық жағына шыққан.
Анатолий электротехникум курсын бiтiрген, бiрақ арманы әке iзiмен әскери қызметкер болу едi. 1933 жылы ол Дзержинский атындағы Екiншi шекара мектебiнiң бронетанк бөлiмшесiне оқуға түседi. Мектептi 1936 жылдың қарашасында бiтiріп, лейтенант атағын алған Анатолий Ковалевский жеке мотомеханикаландырылған дивизия құрамындағы 1полктың танк взводының командирі болып тағайындалды. Мұнда ол екi жыл қызмет атқарды.
1938 жылы әкелiбалалы Ковалевскийлердi «халық жауларымен сыбайластығы үшiн» армиядан қуып, отбасымен бiрге бес жылға Солтүстiк Қазақстан облысы Булаев ауданындағы Успенка селосына жер аударады. Бұл жер аудару 1956 жылға дейiн созылады. Бұл кезде Ковалевскийлердің отбасы ақталған едi.
1939 жылы Финляндиямен соғыстың басталуымен Анатолий тұрақты армияға шақырылып, 86жеке танк батальонының танк взводын басқарады. Соғыс қимылдары аяқталғанда оны iскер де бiлiктi офицер ретiнде аттестациялық комиссия әскери қызметте қалдырады да Ленинград әскери округiнің қарамағына жіберiледi. Мұнда ол 2дивизия 1танк полкының ауыр, орташа және жеңiл, содан соң қайта ауыр танк батальондарында қызмет атқарады.
Ұлы Отан соғысының басынанақ 8армия құрамында соғысады. 1941 жылдың қарашасында білгір басшылығы үшін Қызыл Ту орденiмен марапатталып, жеке танк батальоны командирiнің орынбасары болып тағайындалады. Ұрыстардағы ерлiгi, жеке батылдығы және бөлiмшелерге бiлгiрлікпен басшылық еткені үшiн Ковалевский тағы екi Қызыл Ту, 1дәрежелi Отан соғысы және 2дәрежелі Кутузов ордендерiмен марапатталады.
1944 жылы Ленинград қоршауы бұзылған соң қаһарман танкист І Украин майданының құрамына ауыстырылып, Польшаны азат етуге қатысады.
Бұл уақытта Ковалевский ендi полковник шенінде Қызыл Тулы 152Ленинград жеке танк бригадасын басқарады. Мiне, осында оның жеке батылдығы, жанқиярлығы, ұрысты басқару шеберлiгi айғақталады. 1945 жылғы 1719 қаңтар аралығында ВислаОдер операциясында Ковалевский Краков бағытында бригаданың шабуылын шеберлiкпен ұйымдастырды. Оның бригадасы 19 қаңтарда Краковқа алғашқылардың бiрi болып басып кiрiп, қала үшiн болған ұрыста дұшпанның адам күшiн және техникасын жоюда үлкен шығын келтiрдi.
27 қаңтарда Нейбурн қаласы үшін ұрыстар болды. Танктер алға жылжи алмады. Нағыз жауынгер және өз халқының батыл ұлы танкистердi шабуылға жаяу бастап шықты. Командованияның тапсырмасы орындалды, алайда полковник жау оғынан мерт болды.
Бригаданың соғыс қимылдарын шебер басқарғаны, жауынгерлiк тапсырмаларды үздiк орындағаны, жеке ерлiгi және Отан соғысындағы жанқиярлығы үшiн Ковалевский Анатолий Николаевичке КСРО Жоғарғы Кеңесi Төралқасының 1945 жылғы 4 сәуiрдегi Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы өлгеннен соң берiлдi.
Анатолий Ковалевский Львов қаласындағы Даңқ жотасында жерленген.
Кологойда Николай Васильевич 1922 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Булаев ауданындағы Воскресенка селосында туған. Орта мектепті соғыс басталардан бір жыл бұрын Свердлов облысы Полевской қаласында бітірген.
Кологойда Николай Васильевич әскерижаяу әскер училищесін лейтенант дәрежесінде тәмамдап, алғашқы ұрысқа Москва қорғаныс аймағында кірісті. Оның әскери шежіресі осыдан басталады. Содан соң СолтүстікБатыс майданы, Воронеж түбіндегі, Днепрдегі ұрыстар, Варшава маңындағы екпінді шабуылдар мен Прага көшелеріндегі соңғы шайқастар. 1943 жылдың күзінде 52армияның әскерлері өзенге беттеді. Осы армияның 254атқыштар дивизиясының басшылығы Днепрден өту және батыс жағалауда плацдармды басып алу үшін шабуыл тобын жасақтауды ұйғарды. Оған барынша тісқаққан әрі қажырлы жауынгерлер іріктелді. Топты басқаруды капитан Кологойдаға жүктеді.
1943 жылғы 30 қыркүйектен 1 қазанға қараған түнде шабуыл тобының 102 жауынгері Днепрден өтіп, Крещатик деревнясының түбінде «Ұлы Германия» СС дивизиясының полктарының бірімен ұрысқа кірісті.
Кескілескен ұрыста немістердің өздерінің айтуынша капитан Кологойданың тобы 270ке тарта адамды жер жастандырды, капитанның өзі операцияны басқарып, айрықша ерлік көрсете отырып, қолмақол ұрыста ССтің 17 гитлершісін өлтірді. Сөйтіп, капитан Кологойданың тобы Днепр өзенінен өту мүмкіндігін қамтамасыз етті. Кеңес жауынгерлеріне эсесшілердің 18 танкі мен екі батальоны қарсы тұрды. Олар бір күнде жеті рет шабуылға шықса да, плацдармды құрта алмады. Днепр өзенінен өтуде көрсеткен сәтті де қаһармандық қимылдары және дұшпанға қарсы ұрыста жасаған жеке ерлігі, дивизия бөлімдері келіп жеткенше бір тәулік бойы шепті қолда ұстап тұрғаны үшін капитан Кологойдаға КСРО Жоғарғы
Кеңесi Төралқасының 1944 жылғы 22 ақпандағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берiлдi.
Соғыс біткен соң Н.В. Кологойда партия мектебіне оқуға жіберіледі. Содан соң Свердлов облысы Артин аудандық атқару комитетінің төрағасының орынбасары болып екі жыл қызмет атқарады. Содан кейін тағы да В.И. Ленин атындағы Әскерисаяси академияда оқиды. Академия түлегі майор Кологойда 1956 жылдың жазында әскери бөлімдер бірінің командирінің орынбасары қызметіне тағайындалады. Николай Васильевич өзінің жауынгерлік тағылымын, білімін жас жауынгерлерге дарытады. 1963 жылғы 8 мамырда полковник Кологойда әскери делегация құрамында Берлинде Кеңес жауынгерлеріне арналған ескерткіштің ашылу салтанатында болды.
Бір жылдан соң ауыр сырқатқа шалдыққан Николай Васильевич төсек тартып жатып қалады. 1964 жылғы 18 қыркүйекте ол дүниеден өтті.