Мысырда Құран Кәрімнің 150 жылдық көшірмесі табылды

Фото: yeniakit.com
Фото: yeniakit.com
20.09.2023 13:00
1432
Мысырдан Құран Кәрімнің 150 жылдық 2 сантиметрлік шағын көшірмесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Yeniakit басылымына сілтеме жасап.
Мысырдың Эль-Минуфие провинциясында тұратын Абде Месуд 150 жылдық 2 сантиметрлік шағын Құран Кәрімді арғы аталарынан мұраға қалған кішкентай жәшікте сақтайды.
Осман империясының баспаханаларында басылған "Мушаф-и Шериф" жұқа және өте кішкентай қағазға кішкентай әріптермен жазылған. Месуд Құранды лупамен оқиды, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Дания үкіметі діни кітаптарды қоғамдық орындарда өртеуге тыйым салатынын жазған едік.
Бөлісу:
