Мысырда қазақстандық туристер мінген автобус аударылды
Фото: cairo24.com
Фото: cairo24.com
10.11.2024 09:45
495
Оңтүстік Синай қауіпсіздік басқармасының құтқару бөліміне Рас-Сидрде туристер мінген автобус жол апатына ұшырағаны туралы мәлімет келіп түскен. Бұл туралы Cairo24-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жолаушылар негізінен Ресей мен Украина азаматтары – 31 адам. Сонымен қатар салонда Қазақстан мен Әзербайжанның үш азаматы және Мысырдың төрт азаматы болған. Барлығы ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілген. Болған жайт туралы хаттама толтырылған.
Әзірге туристердің алған жарақаттарының қаншалықты күрделі екені белгісіз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қостанай облысында жолда қалып қойған адамдар құтқарылды