Жаңалықтар

"Мың рет естігенше, бір рет оқы". Еділ Жаңбыршин Президент сұхбаты туралы ойын айтты

"Мың рет естігенше, бір рет оқы". Еділ Жаңбыршин Президент сұхбаты туралы ойын айтты
Фото: parlam.kz 03.01.2024 13:35 1239

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Egemen Qazaqstan газетінде жарияланған Мемлекет басшысының ауқымды сұхбаты туралы пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Көптеген қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық бағыттарына қатысты халықтың көтеріп жүрген маңызды сұрақтарына өз ой-пікірлерін білдіріпті. Қаңтар оқиғасы; Екі билік туралы; Саяси реформалар; Президенттің мерзімі; Үкімет тиімділігі Энергетика; Сыртқы саясат. Ресей мен Қытай; Кадр мәселесі және тағы басқа, - дейді депутат.

Көп мәселенің ішінде өте маңызды сұрақ - отын-энергетика және коммуналдық шаруашылық бағытындағы Президенттің жауабына тоқталды.

Өйткені қазіргі таңда тұрғындарды қатты толғандырып отырған мәселелер: жылу, су, ток. Қасым-Жомарт Кемелұлының жауабынан, Мемлекет басшысының проблеманың себептері мен салдарын толық біліп отырғаны көрініп тұр. Сонымен қатар, кейбір ұсақ ақауларды дардай қылып көрсетіп жүргендерді де сынға алған. Үкімет пен әкімдерге: “Ең алдымен, күрделі апаттардың алдын алып, үйлерге жылудың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету керек. Бірақ жаңа қуат көздерін ашу, желілерді біртіндеп жаңарту және коммуналдық саланы түгел жаңғырту басты міндет екенін ұмытпаған жөн. Қазір жылу желілері әрең жұмыс істеп тұр. Үкімет пен әкімдіктер батыл қимылдап, қажетті шараларды дереу қолға алуы керек. Онсыз болмайды”, - деп нақты міндет қойды, - деп жазды мәжілісмен.

Депутат сұхбатты ел аузынан мың рет естігенше, бір оқып шыққан абзалт екенін де атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға