Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты

Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3
31.03.2025 19:10
607
Қытайдың Орталық телеарнасының мәліметінше, Мьянмадағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2056 адамға жетті. Сондай-ақ 3900 адам жарақат алып, 270 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елде құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Бұған дейін Қытайдың сейсмологиялық орталығы (CENC) 28 наурыз күні жергілікті уақытпен 14:20-да Мьянма аумағында 7,9 магнитудалы жер сілкінісі болғанын хабарлаған. Салдарынан көптеген ғимарат қирады.
Бөлісу:
