Жаңалықтар

Мьянмада тағы да жер сілкінді

Мьянмада тағы да жер сілкінді
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3 13.04.2025 11:30 419

Мьянманың орталығында магнитудасы 5,5 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жер асты дүмпуін Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) тіркеді.

Жер асты дүмпулері жексенбі күні 2.25 UTC (жексенбі күні Мәскеу уақытымен 5.25) кезінде шамамен 1,2 миллион халқы бар Мандалай қаласынан оңтүстікке қарай 84 шақырым жерде тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы 35 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жер сілкінісінен қаза тапқандар мен қираған нысандар туралы мәлімет жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға