Музыканың әсері
Музыканың өнімділікке әсері
Өмірімізде әуендердің алатын орнын бағалау өте қиын. Сіз оны тыңдағыңыз келмесе де, күнделікті өмірдің барлық жерлерінде: дүкенде, көлікте, жұмыста және т.б. кезігіп отырады. Адамдардың өмірінің басым бөлігінде де музыкамен басталады. Себебі, телефондағы әуен бізді таңертен оятады. Ол өмірдің ішкі құрылым толтырып тұрғандай әсер қалдырады. Лев Толстой айтқандай: «Музыка – әлемдегі ең жоғары өнер». Музыка адамзат ойлап тапқан ең керемет жаңалықтардың бірі. Бірақ сол әуеннің адамның жұмыс істеуі мен шығармашылықпен айналысуға қандай әсер бар екен?
Музыка мен жұмыс үйлесімділігі бар ма?
Бұл сұрақ қойылғанда әр адам өзіндік тәжірибе негізінде жауап бере алады. Егер де сіз меломан болсаңыз, онда әрдайым музыка сізді қоршап жүреді. Тіптен жұмыс өімділігін арттырып, таңертен оянғанда кофенің орнын баса алады. Ал егер де сіз жұмыста тек жұмыспен айналысу керек деп ойласаңыз, онда күні бойы музыка тыңдамай өтесіз. Керісінше, басқа адамдар ән тыңдап отырғанын ұнатпайтын боласыз.
Өнімділікке музыканың әсері туралы зерттеулер
Енді жеке тәжірибеден зерттеулерге көз жүгіртсек. Осы сала бойынша көптеген ізденістер жасалынды, алайда оның ішіндегі барлығын талдау мүмкін емес.
- Осыдан бірнеше жыл бұрын британдық зерттеушілердің зерттеуі нәтижесінді, операция жасау кезінде хирургтардың 90 пайызы музыка тыңдайтыны белгілі болды. Бұл стресспен күресудің тиімді жолы екен. Хирургтар рок, поп және классика жанрындағы әндерге басымдық береді екен.
- Виндзор университетінде (Канада) жүргізілген зерттеуі бағдарламалық жасақтаушылар мен веб-дизайнерлерге музыканың әсері туралы болған. Қорытынды: фондық әуенмен жұмыс істеген мамандардың өнімділігі бірнеше есе жоғары болған. Сонымен қатар, алдыға қойылған мақсаттарға деген қызығушылық артқан.
- Ірі өндіріс орындарында жұмысты ұйымдастыру кезінде фондық музыка қойылып отырған. Жұмыс істеу өнімділіг артып, жұмыстан кейін шаршау сезімдері төмен болған.
Музыканың жұмыстағы пайдасы
Музыка — шулы әріптестерден құтқарады
Жұмыста бір кеңістікте отыратын әріптестер кейде өзара кедергі келтіріп жатады. Әртүрлі маман дық ерекшелігіне байланысты біреулер көп сөйлеседі, біреулері аз сөйлейтін жұмыс атқарады. Басқалардың мазалауынан құтылу үшін музыка тамаша құрал.
Музыка ляззат алып келеді
Әуенді сүймейтін адам жоқ та шығар. Кейде жұмыс істеу барысында бірқалыпты қара жұмыс істейтін кезеңдер болады. Сол кезде жұмыс бізге өте қиын ауыртпалық ретінде көрінеді. Жағдайды физиологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, ағзаға дофамин жетіспейді. Ол бақыт гармоны. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, өзімізге ұнайтын музыка тыңдаған кезде бақыт гормондары бөлінеді. Сол себепті жұмыстан ляззат алыңыз.
Музыка — бір қалыпты жұмыс кезінде құтқарады
Егер де жұмысыңыздын басым бөлігі бір қалыпты, зеріктіретін болса. Уақыт өткізудің тамаша құралы. Сонымен қатар дененің қуаттылығын арттыруға мүмкіншілік береді.
Шығармашылық адамдары музыка тыңдауы міндетті!
Байқасаңыз шығармашылық саласындаға мамандар кафе немесе бос кеңістіктерде жұмыс істегенді жақсы көреді. Олар осылай және музыкадан шабыт алып отырады. Бейсаналы түрде музыкалық жерлерді таңдауға тырысады.
Музыка тыңдаңыз. Ол энергия мен бақыттың көзі. Сонымен қатар жұмысыңызды жан-жақты ете алады.