«МузАРТ» тобының солисі: Референдум – ортақ іске үлес қосуға мүмкіндік
Фото: instagram.com/rsk.almaty
Фото: instagram.com/rsk.almaty
06.10.2024 14:37
405
Алматыда референдумға танымал қазақстандық әнші, «МузАрт» тобының солисі Кенжебек Жанәбілов қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі отбасымен бірге «Бәйтерек» халықаралық мектеп-лицейінде орналасқан №512 сайлау учаскесіне келді.
«МузАрт» тобының әншісі референдумға қатысу елінің болашағына алаңдайтын әрбір азаматтың борышы екенін атап өтті.
«Біз еліміздің дамуына бірнеше жыл бойы әсер етуі мүмкін шешімдерге немқұрайлы қарамауымыз керек. Референдум – пікірімізді білдіріп, ортақ іске үлес қосуға мүмкіндік, – деді Кенжебек Жанәбілов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда референдум өтті деп танылды
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты