Жаңалықтар

Мусиннің орнына келген жаңа министр байланыс сапасын жақсарта ала ма?

Мусиннің орнына келген жаңа министр байланыс сапасын жақсарта ала ма?
Фото: t.me/KZgovernment 18.06.2024 10:37 704

Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев ауылдар мен қалаларда байланыс сапасын жақсарту мақсатында «Цифрлық карта» іске қосылғанын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзінше, «Цифрлық карта» әрбір азамат елді мекендердегі байланыс сапасындағы барлық ағымдағы мәселені және оларды жою жоспарларын көріп, кез келген орын бойынша байланыс сапасына жеке бағасын бере алады.

Бүгін осы цифрлық картаның техникалық іске қосылғанын хабарлағым келеді. Сілтеме министрліктің сайтында орналастырылған. Оны әрбір азамат көре алады. Бұл карта пилоттық режимде қосылған, функционал жағынан толықтырылатын болады. Бұл байланыс сапасын тексеру бойынша қоғамдық бақылауды күшейтуге септігін тигізетін шара, – деп атап өтті Мәдиев.

Бұдан өзге цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев қалаларда интернет пен ұялы байланыстың жоғары сапасын қамтамасыз ету аясында министрліктің техникалық мамандары қалаларда байланыс сапасын өлшеу жұмыстарын жүргізетінін айтты.

Өлшеу нәтижелері бойынша байланыс сапасы төмен сапалы орындар анықталып, министрлік әкімдіктермен және ұялы байланыс операторларымен бірге «ақ нүктелерді» жою жұмыстарын жүргізеді. Министрлікте байланысқа қатысты туындайтын мәселелерді үнемі мониторингілеп, шешу мақсатында министрлік, жергілікті атқарушы органдар және байланыс операторларының өкілдері кіретін Жедел штаб құрылды, – деді Жасұлан Мәдиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға