Жаңалықтар

Мусин азаматтардың ыңғайлылығы үшін барлық жағдайды жасайтындығын айтты

Мусин азаматтардың  ыңғайлылығы үшін барлық жағдайды жасайтындығын айтты
Фото: pavlodarnews.kz 25.01.2023 13:25 1536

Бағдат Мусин азаматтардың  ыңғайлылығы үшін барлық жағдайды жасайтындығын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Ол кеше елордадағы Сарыарқа ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын бақылады.Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Орталықтың жұмысымен танысып, қызмет түрлерін алуға келген тұрғындармен сөйлестім. Азаматтардың басым бөлігі жұмысқа орналасу барысында денсаулығына қатысты түрлі анықтамаларды алу үшін ХКҚО көптеп келіп жатады. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында азаматтар үйден шықпай-ақ, қандай қызмет түрлерін алуға болатындығы туралы ақпаратпен бөлістім. Атап айтқанда, психоневрологиялық, наркологиялық, соттылық болуы немесе болмауына қатысты және тағы да басқа анықтамаларды eGov Mobile қосымшасы арқылы жүктей алады.

Бұдан бөлек, азаматтармен сөйлесу барысында бір ауқымды мәселеге көзім жетті. Мәселе мынадай. Барлық ауруханалардың қызметкерлері жылына бір рет сотталмағандығы туралы, сыбайлас жемқорлық фактілерінің жоқтығы туралы және басқа да анықтамаларды әкелуге мәжбүр болады екен. Осылайша, іс жүзінде Мемлекет басшысының бюрократияны жою, артық қағазбастылыққа жол бермеу туралы тапсырмасы бұзылуда, яғни бұның бірыңғай деректер базасынан алуға болады. Осы жерде, дереу цифрландыруға жауапты денсаулық сақтау вице-министрімен хабарласып, ертең облыстық және қалалық денсаулық сақтау басқармаларына осы талаптардың күшін жоюды талап етіп, олардың кадрлық қызметтеріне, қажет болған жағдайда қызметкерлердің келісімі бойынша осы анықтамаларды дерекқордан сұратуға мүмкіндік беруді тапсырдым.

Біздің басты мақсатымыз халыққа сапалы әрі жылдам қызмет ұсыну. Осы тұрғыда Халыққа қызмет көрсету орталықтарының персоналы адамдарға барынша бағдарлана түсуі тиіс. Қазіргі уақытта орталықтарды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр, елорда да және өңірлерде заманауи ХҚКО ашылып жатыр. Біз азаматтарымыздың ыңғайлылығы үшін барлық жағдайды жасайтын боламыз!" деп жазды министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға