Жаңалықтар

"Мұрны, қабырғасы сынған": Қарағандыда экс-әкімнің ұлы қарт анасын ұрып тастаған

"Мұрны, қабырғасы сынған": Қарағандыда экс-әкімнің ұлы қарт анасын ұрып тастаған
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 18.02.2024 15:58 1515

Қарағандыда бұрынғы қала әкімі Шаймерден Оразалиновтың ұлы 78 жастағы қарт анасын ұрып-соққан. Кейуананың мұрны мен бірнеше қабырғасы сынған, деп хабарлайды @patriotkaragandy парақшасына сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Желідегі ақпаратқа сүйенсек, ұлынан таяқ жеген зейнеткер екі күн үйінде жатқан екен. Себебі дәрігер шақырса, ұлын қамап қояды деген қорқынышы болған. Үшінші күні жағдайы күрт нашарлағанын байқаған көршілері жедел жәрдем шақырған.

Дәрігерлер бірден полицияға хабар берген. Жедел уәкілдер экс-әкімнің ұлын қамауға алған. Жауап алу кезінде ер кісі жүйке жүйесі сыр бергенін айтыпты.

Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу сотының мәліметінше, күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Айта кетейік, Шаймерден Оразалинов 1987 жылдан 1997 жылға дейін Қарағандыда қала әкімі лауазымын атқарған. Қарағанды қаласының Құрметті азаматы. 

Шаймерден Оразалинов 2019 жылдың 30 сәуірінде 77 жасында өмірден өткен. 

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға