Жаңалықтар

Мұрат Нұртілеу Ресей Елшісімен кездесті

Мұрат Нұртілеу Ресей Елшісімен кездесті
Фото: Сыртқы істер министрлігі 24.02.2025 22:07 107

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі. 

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын, биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын, сондай-ақ өзара сапарлар кестесін талқылады. 

Өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті аспектілері, халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі Қазақстан мен Ресейдің сындарлы өзара іс-қимылы жөнінде пікір алмасты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға