Мұрат Нұртілеу Қытай елшісін қабылдады

Фото: t.me/pressmfakz
Фото: t.me/pressmfakz
22.02.2024 07:13
1356
Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
СІМ мәліметінше, кездесу барысында тараптар Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының мәселелерін талқылады, сондай-ақ оны одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.
Сұхбаттастар ағымдағы жылы жоспарланған аса жоғары және жоғары деңгейдегі екіжақты сапарлар мен іс-шаралар кестесін қарастырды. Көпжақты құрылымдар шеңберіндегі елдердің өзара іс-қимылына бөлек назар аударылды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
-40 градус аяз. 22 ақпанға арналған ауа райы болжамы