Мұрат Нұртілеу Кипрдің сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті
Фото: СІМ-нің баспасөз қызметі
Фото: СІМ-нің баспасөз қызметі
27.12.2024 21:38
294
Еліміздің Премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Кипр Республикасының сыртқы істер министрі Константинос Комбоспен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сұхбат барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады.
Астана мен Никосия арасындағы саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілік расталды.
Сонымен қатар 2025 жылға арналған аса жоғары және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесі қаралды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға