Мур заңы дегеніміз не?
Мур заңы бойынша интегралды схеманың кристалындағы транзисторлар саны әрбір 24 ай сайын екі еселенеді.
1965 жылы (интегралды схема ойлап табылғаннан кейін 6 жыл өткен соң) Intel корпорациясының негізін қалаушылардың бірі Гордон Мур Electronics журналына арналған мақаласын әзірлеу кезінде бір заңдылықты аңғарды: микросхемалардың жаңа түрі жыл сайын шығып отырған және ондағы транзисторлар саны әрдайым шамамен екі есеге өсіп отырған. Мур осы тенденция сақталса, есептеу құрылғыларының қуаты қысқа мерзім ішінде экспоненциалды (өте жылдам) түрде өсіп кетеді деген қорытындыға келді. Бұл бақылау кейіннен Мур заңы деп аталып кетті.
Electronics журналына шыққан мақаласында Мур қызықты тенденцияның он жыл бойы өмір сүретіндігін жазған.
1975 жылы «Сандық интегралды электроникадағы прогресс» атты Мурдың екінші мақаласы жарық көріп, онда соңғы он жылдың жетістіктеріне сараптама жасалған. Бұл жолы Мур теориялық есептеудің орнына нарыққа шығып қойған Ақпараттық жүйелерге талдау жүргізді. Бір қызығы, зерттелген уақыт аралығында транзисторлар саны шынымен де екі есе ұлғайып отырған. Дегенмен болжамға сәл нақтылық жетіспеді. 10 жыл ішінде чиптегі транзисторлар саны 50-ден 50 мыңға дейін өсу керек еді, іс жүзінде 16 мыңға дейін өсті.
Сол кезде Мур қызықты амал жасайды: ол Intel-дің әлі өндіріске шықпаған (бірақ дәл сол 1975 жылы шығуы тиіс) ақпараттық жүйесіндегі 32 мың транзисторды қарастырып, ондағы транзисторлармен қатар 32 000 данадан тұратын конденсаторларды да санайды. Осылайша Мурдың болжамы рас болып шықты.
Осы мақаласында Гордон Мур өзінің заңына өзгерістер енгізді. Оған сәйкес транзисторлардың екі есе ұлғаюы бұдан былай әрбір екі жыл сайын орын алмақ.
Дәл сол жылы (1975) Intel-дің әкімшісі Дэвид Хаус («Intel inside» ұранының авторы) конференцияда, микропроцессордағы транзисторлар санының 24 ай сайын екі есе өсуі өнімділіктің әрбір 18 сайын есе ұлғаюына әкеледі деп айтқан болатын. Бұл тұжырымды да көпшілік «Мур заңы» деп атап кеткен.
«В мире науки» журналында Мур заңына байланысты қызықты салыстыру жасалған:
«Егер әуе өнеркәсібі соңғы 25 жылда есептеу техникасының қарқынымен дамитын болса, бүгінде Boeing 767 ұшағы 500 доллар тұрып, Жер шарын 20 минут ішінде айналып, оған бар болғаны 5 галлон (~18,9 л) жағармай құртар еді. Келтірілген сандар ЭЕМ-нің (Электронды есептеу машинасы) бағасына, жылдамдылығының артуына және үнемділігінің жоғарылауына дәлме-дәл келеді»
— «В мире науки» (1983, № 08)[3]
(«Scientific American» журналының орыс тіліндегі нұсқасы)
2003 жылы Мур тағы бір еңбегін жариялап, («No Exponential is Forever: But “Forever” Can Be Delayed!») физикалық өлшемдердің ұзақ уақыт аралығында экспоненциалды түрде өсе алмайтынын, әрдайым белгілі бір шекараның көрінетіндігін мойындады. Тек транзисторлардың эволюциясы мен оларды әзірлеу технологиясы ғана заңның өміршеңдігін бірнеше ұрпаққа ұзарта алар еді.
2007 жылы Мур, заң өз күшін заттардың атомдық табиғатына және жарық жылдамдығының шектеуліліге байланысты өз күшін тоқтатқанын айтты.
Дәурен Омаров