Жаңалықтар

«Мұқалмас» Қоғамдық бірлестігі Әлтаевтың заңсыз әрекетін әшкереледі

Қоғамдық бірлестіктің өкілдері осындай мәлімдеме жасады.
«Мұқалмас» Қоғамдық бірлестігі Әлтаевтың заңсыз әрекетін әшкереледі
Фото: stan.kz 18.10.2022 14:14 3031

«Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігі президент сайлауына кандидат ұсынбаған. Ал атышулы Нұржан Әлтаевты Президенттікке үміткер ретінде таныған хаттама жарамсыз болып шықты, деп хабарлайды El.kz.

Қоғамдық бірлестіктің өкілдері осындай мәлімдеме жасады.

Айтуларынша, ұйымның жиынына қатысқан 15 аймақтық филиал жетекшісінің 13-і экс-депутат Нұржан Әлтаевтың кандидатурасына қарсы дауыс берген. Жалпы бірлестік атынан сайлауға үміткер ұсынбау деген бастаманы көбі қолдаған көрінеді.

Өйткені, «Мұқалмас» сайлау барысын тәуелсіз байқаушы болғандықтан бейтарап қалуды жөн деп тапқан. Алайда, «кандидат ретінде Әлтаев ұсынылды» деген ақпаратты естіп, қоғамдық бірлестіктің Қарағанды облыстық филиалының жетекшісі Майра Төлеубекқызы бірден сотқа шағымданған.

Еске салсақ, 7 қазанда Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде Нұржан Әлтаев ОСК-ға құжаттарын тапсырған еді.

Алайда, орталық сайлау комиссиясы үміткерді ұсыну туралы хаттаманың бұрмалану фактісіне тексеріліп жатқанын хабарлады.

Кейін заңгерлер кандидаттардың неге өтпей қалғанын түсіндірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға