Жаңалықтар

«Мұндай жағдай болмас еді». Бишімбаев Салтанатпен ұрысып қалған күні неліктен кетіп қалмағанын түсіндірді

«Мұндай жағдай болмас еді». Бишімбаев Салтанатпен ұрысып қалған күні неліктен кетіп қалмағанын түсіндірді
Фото: t.me/Jogargy_sot 04.04.2024 18:15 1138

Экс-министр Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкеновамен ұрысқаннан кейін не себепті мейрамханадан кетіп қалмағанын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова Бишімбаевтан оқиға болған күн жайлы жауап алды.

Аймағанова: «Салтанатпен ұрысып қалғанда неліктен кетіп қалмадыңыз? Сіз оған қарағанда физикалық тұрғыда мықтысыз ғой. Егер мейрамханада өзі түнеп шықса, сіз кетіп қалғаныңызда мұндай жағдай болмас па еді?!» деді.

Бишімбаев бұл сұрақ оның өзін де мазалайтынын айтты. Сөзінше, оқиға болған күннен бері өзіне осы сұрақты қойып келген.

Мен Салтанатты жақсы көремін, ол менің әйелім. Ол аздап ішіп алған, мас болды. Мен оны ондай халде қалай тастап кетемін. Алты сағатқа жуық мейрамханада болдық. Мас күйінде тастап кете алмадым. Тіпті қалай түсіндірерімді білмеймін. Дәретханада болған жағдай бар, үстінде киімі де болмады. Сондықтан тастап кете алмадым, - деді Бишімбаев.

Бұған дейін Бишімбаев тергеу изоляторында өзіне қол салмақ болғанын айтты. Сөзінше, Салтанат Нүкенованың өлімі оған ауыр әсер еткен. 

Прокурорлар Бишімбаевтан жауап алуды жалғастырып жатыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға