Жаңалықтар

Мұнай үстінде отырған ел болсақ та, тапшылық байқалады – депутат

Мұнай үстінде отырған ел болсақ та, тапшылық байқалады – депутат
Фото: Мәжіліс 25.11.2024 12:50 108

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин елдегі бензин тапшылығы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың айтуынша, мұнай өңдеу қуатын арттыру үшін елдегі үш мұнай өңдеу зауытын жөндеуге 2 трлн теңге жұмсалған. Алайда мұнай мен газ конденсатын өңдеу көлемі 18 млн тоннадан аспайтын көрінеді.

– Ішкі нарыққа қажетті мұнай өнімдерін тек отандық мұнай өндіру компаниялары жеткізіп отыр. Жоғарыда айтқанымыздай, олардың мұнай өндіру көлемі азайып барады. Бізде жыл сайын мұнай өнімдерінің тапшылығы байқалады, ол импорт есебінен жабылады. Мұнайдың үстінде отырған мемлекет үшін бұл нонсенс. Іс жүзінде Қазақстан бензин, авиациялық отын, дизель отыны бойынша импорттық отынға тәуелді және 7 жыл ішінде елімізге 6 млн тоннадан астам мұнай өнімдері импортталды. Яғни еліміздегі жанар-жағармай өнімдерінің дефицитін негізінен Ресей мемлекетінен импорттап отырмыз. Бұл мәселені шешетін уақыт келді, – деді Еділ Жаңбыршин.

Сондай-ақ, депутат Энергетика министрлігінің алдағы сегіз жылда мұнай өндіруду 56%-ға ұлғайту жоспарына күмәнмен қарайтынын жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға