Жаңалықтар

Мұнай-газ-химиясы өнімдерін өндіру көлемі 1,6 есе өсті – Алмасадам Сәтқалиев

Мұнай-газ-химиясы өнімдерін өндіру көлемі 1,6 есе өсті – Алмасадам Сәтқалиев
Фото: Үкімет 17.12.2024 16:21 251

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында Қазақстанның 2024 жылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық өсімінің қорытындылары туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәселен, биылғы қаңтар-қараша қорытындысы бойынша шамамен 12,3 млн тонна мұнай өнімдері өндірілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 101,7%.

Ағымдағы кезеңнің қорытындысы бойынша отандық мұнай өңдеу саласы өнімнің негізгі түрлері бойынша оң серпінді көрсетуде. Отынды әкетуге енгізілген шектеулер ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз етуге ықпал етеді.📊

Автобензин өндірісі 4,9 млн тоннаны құрады, бұл былтырғы деңгейден 2,1%-ға жоғары. Дизель отынын өндіру көлемі де ұлғайып, 4,9 млн тоннаға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3%-ға артық.📊

Авиаотын өндіру көрсеткіші 21,4%-ға айтарлықтай өсіп, 0,68 млн тоннаны құрады. Сонымен қатар, мазут өндіру көлемі 1,8 млн тоннаға дейін төмендеді (өткен жылдың деңгейіне 85,7% – 2,1 млн тонна). Қысқартудың себебі мұнай өңдеу тереңдігінің 85%-дан 87%-ға дейін ұлғаюы болды, бұл қайта өңделетін өнімнің сапасын жақсартуға және өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі 506,1 мың тоннаға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе артық, — деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Қабылданған шаралар мұнай өнімдерінің ішкі нарығын тұрақтандыруға және ел экономикасының стратегиялық маңызды салаларын үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға