Жаңалықтар

Мұнай бағасы тағы төмендеп жатыр

Мұнай бағасы тағы төмендеп жатыр
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 11.04.2025 11:29 365

Мұнайдың әлемдік бағасы тағы да төмендеді. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 63 долларға дейін түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Лондон ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың маусым фьючерстерінің бағасы Астана уақытымен сағат 08:23-тегі жағдай бойынша барреліне 3,65 пайызға төмендеп, 63,09 долларға жетті.

WTI маркалы мұнайдың мамыр фьючерстерінің құны 3,91 пайызға төмендеп, барреліне 59,91 долларға дейін жетті.

Айта кетейік, қара алтын құны АҚШ президенті Дональд Трамп 185 елден импортталатын тауарларға жоғары тариф енгізгеннен кейін төмендей бастады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға