Мұхтар Тілеуберді ШЫҰ Бас хатшысымен кездесу өткізді
Бұл туралы СІМ мәлімдеді
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
19.11.2022 17:15
1140
Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді кезектен тыс президенттік сайлауда ШЫҰ байқаушыларының миссиясын басқаратын Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Минмен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz.
Чжан Мин ШЫҰ елдері әлеуметтік-саяси трансформацияның және «Әділетті Қазақстанды» құруының белсенді процестерін мұқият бақылап отырғанын атап өтті.
М.Тілеуберді ШЫҰ қызметінің түрлі аспектілері бойынша Қазақстанның ұстанымы және 2023-2024 жылдары ҚР-дың ШЫҰ-ға төрағалық етуге дайындық барысы туралы хабардар етті.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астанада 15%-дық жеңілдікпен азық-түлік жәрмеңкесі өтуде