Жаңалықтар

Мұхтар Әуезов университетіне - 80 жыл!

Мұхтар Әуезов университетіне - 80 жыл!
Фото: gov.kz 18.11.2023 06:25 1124

Университет соңғы 5 жылда айтарлықтай жетістіктерге жетіп, халықаралық деңгейдегі іргелі оқу орындарының біріне айналғаны сөзсіз, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінде жоғары оқу орны алдына қойған стратегиялық мақсаттарды толығымен іске асыруда.

Ертең университет мерейтойына орайластырылған салтанатты іс-шара өтеді. Маңызды басқосуға университет арнайы қонақтарды күтуде.

Бүгін Әзірбайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университетінің оқу-ағарту ісі жөніндегі проректоры Гасым Мамедов және Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалының директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Александр Сидорович арнайы құттықтап университет шаңырағына келді.

Қонақтар Auezov University даму бағдарламасымен және оның 80 жылдық тарихындағы жетістіктерімен танысып өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға