Жаңалықтар

Мұхамеджан Тазабек көзіне жасатқан ота туралы айтты

Мұхамеджан Тазабек көзіне жасатқан ота туралы айтты
Фото: instagram.com/mukhamedzhan_tazabek 11.07.2023 16:16 1838

Белгілі айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабектің көзіне жасатқан отасы көпшіліктің талқысына қалды. Оқырмандар оның қабағын жасатқанына таңданыстарын жасырмады. Осыған қатысты ақын өзі мән-жайды айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біраз оқырманым “Қабақ жасаттыңыз ба? Блефаропластика ма?” деп сұрап жатыр. Жоқ көзімнің жарығына (грыжасына) ота жасаттым. Содан көзім тартылып, ашылыңқырап тұр. Қабақ тарту немесе басқа да эстетикалық ота емес. Уақыт өте келе көздің көруіне әсер ететін дүние. Әр нәрсенің алдын алған дұрыс деп ойлаймын, – дейді Мұхамеджан Тазабек.

Оқи отырыңыз:

Желі қолданушылары айтыскерді бет-жүзіндегі өзгерісті бірден байқады.

“Өзгеріс жасаған дұрыс, халықтың алдында сұхбат, кеңес береді”, “Көзін үлкейткен бе?”, “Жарасып тұр?”, “Жасарып кеткендейсіз!”, “Қабақ жасатқансыз ба?”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға