Мүгедектігі бар адамдарға қанша қызмет көрсетілді
2024 жылы Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 1,1 млн-нан астам тапсырысы орындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның ішінде: оңалтудың техникалық құралдарына шамамен 974,6 мың, ымдау тілі қызметтеріне 8,8 мың, жеке көмекшінің қызметтеріне 27,1 мың, санаторийлік-курорттық емдеу қызметтеріне 99,9 мың тапсырыс
Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.
Қазіргі уақытта Порталда 856 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші (бөлімшелер), 845 ОТҚ жеткізуші, 31 мыңнан астам жеке көмекші, 763 ымдау тілі және 116 санаторийлік-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.
Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығына 1414 бірыңғай нөмірі арқылы хабарласуға болады.